Қосылу оңай
1
2
3


Жүйеде:
  • 66 875 пайдаланушы
  • 24 банк клиенттері
каз
(+7 727)391 04 47

Тиеу

Қадам 1
Қадам 2
Қадам 3

Қосылу шарттары

Төменде берілген қосылу шартын мұқият оқып шығыңыз. Сіз БАРЛЫҚ шарттарды қабылдайсыз ба?

MyPaykz сервисін көрсетудің шарттары

1. Жалпы ережелер мен терминдер

MyPaykz — банк-эмитентке қашықтықтан, ұялы телефон арқылы тәулік бойы шынайы уақыт тәртібімен әлемнің кез келген банкі Абонентінің банкілік карталық шотын пайдалану арқылы әртүрлі Сауда-сервис кәсіпорындарының (бұдан әрі — ССК) қызметін төлеу жөніндегі МО/ТО-транзакцияларды жүргізуге команда беруге мүмкіндік беретін сервис. MyPaykz сервисі — абоненттерге төлем қосымшасын пайдалану арқылы көрсетіледі, Абонент оны ұялы телефонға енгізуі қажет.

Банк картасы — төлем карталарының Халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актілері мен эмитентпен жасалған келісім-шартқа сәйкес ұстаушының эмитентте тұрған ақшалай қаражатымен операциялар жүргізу аспабы болып табылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құралы ретінде қолданылатын түрі.

Java-қосымшасы (Мидлет) — абонетке MyPaykz сервисіне кіруге мүкіндік беру мақсатында ұялы телефон арқылы wap.mypay.kz wap-сайтына, жеке компьютерден немесе басқа құрылғыдан www.mypay.kz интернет-сайтына кіру арқылы абоненттің ұялы телефонына енгізілетін динамикалық мәзірді қолдайтын программалық қамсыздандыру және одан әрі қарай мидлетті USB кабель немесе Bluetooth арқылы қосу.

Банк-Эмитент — карта шоттарына қызмет көрсететін және Банк карталарын беретін уәкілетті банк. MyPaykz сервисі жағдайында кез-келген банк Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің карталарына қызмет көрсететін банк-эмитент бола алады.

Банк-Эквайер — транзакцияларды бастапқы өңдеуден өткізетін және өз қызмет саласындағы ССК-мен пластикалық карталар арқылы жүргізілетін операциялардың барлық түрлерін, атап айтқанда: тауарлар мен қызметтер үшін ССК-ның есеп шоттарына қаражат аударуды, — мойнына алатын уәкілетті банк. MyPaykz сервисі жағдайында «Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі» АҚ осындай банк болып табылады (www.halykbank.kz)

MO/TO-транзакция (MO/TO — Mail Order/Telephone Order) — жүргізу сәтінде картаны ұстаушының өзі тауарды немесе қызметті сату орнында тікелей болмайтын банк картасы бойынша төлем операциясы.

2. MyPay сервисінің жалпы сипаты

2.1 «Интервэйл Қазақстан» ЖШС (www.intervale.kz) абоненттің банк-эмитентке (банк-эквайер арқылы) төлем қосымшасы (Мидлет) көмегімен шығарылған хабарлар арқылы банк картасының көмегімен ССК қызметі үшін жасалатын төлемдерді жүргізуге команда беруіне мүмкіндік береді.

2.2 Банк-эквайер тиісті ССК-ның төлем деректемелері бойынша банк картасынан ақша қаражатын аудару арқылы үшінші тұлғалардың қызмет ақысын төлеуді жүзеге асырады.

2.3 Абонент қызмет мәзіріне кірген кезде терген арнайы қолжетімділік коды сәйкестендірілгеннен кейін және абонент өзінің банк карталарын ойдағыдай тіркегеннен кейін ғана ақша қаражаты аударылады.

2.4 Абонент «Интервэйл Қазақстан» ЖШС-ның банк карталары табысты түрде тіркелгеннен кейін, оларды MyPaykz сервисінің қосымшасында (Мидлетте) пайдалану үшін, банк карталары бойынша деректерді сақтау құқығын өзіне қалдыратынымен өз келісімін растайды.

2.5 Абонент «Интервэйл Қазақстан» ЖШС-і мен MyPaykz жобасының серіктестерінен сервистің жаңа қызметтері туралы, жаңа ССК туралы және жобаның басқа серіктестері туралы ақпараттық хабарларды алуға өз келісімін растайды. «Интервэйл Қазақстан» ЖШС клиентке арналған осындай смс-хабарламаларды тегін алуына кепілдік береді. Қажет болған жағдайда клиент «Интервэйл Қазақстан» ЖШС-нің кеңсесіне тиісті өтініш беріп, ондай хабарламаларды алудан бас тарта алады.

2.6 Абонент ұялы телефоннан MyPaykz сервисінің мәзірі арқылы банк-эмитенттің MyPaykz сервисіне арнайы қолжетімділік кодын пайдаланып, үшінші тұлғалардың қызметіне ақы төлеу есебіне банк картасынан ақша қаражатын есептен шығаруы туралы сұраныс жіберу фактісін растайды, бұл абоненттің жоғарыда аталған ақша қаражатын аударуға ниет білдіруінің даусыз дәлелі болып табылады.

2.7 Абонент қолжетімділік кодын қоса алғанда, MyPaykz сервисінің құпия ақпаратына және мәзіріне үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қолжетімділігіне жол бермеу үшін, барлық қолдан келген шараларды қолдануға міндеттенеді.

2.8 «Интервэйл Қазақстан» ЖШС абоненттің банк картасы туралы құпия ақпараттың сақталуына кепілдік береді.

3. MyPay сервисін көрсету тәртібі

MyPaykz сервисін көрсету үшін абонент төменде аталғандарды орындауы қажет:

3.1. Қосымшаны алу.
JAVA-қосымшасын жүктеу. Абонент wap.mypay.kz сілтемесі бойынша java-қосымшасы түріндегі MyPaykz төлем қосымшасын жүктейді
НЕМЕСЕ
www.mypay.kz Интернет-сайты арқылы жеке компьютерден немесе басқа құрылғыдан жүктеп, әрі қарай USB-кабель немесе Bluetooth арқылы мидлетті жүктейді.

MyPaykz сервисіне қолжетімділік кодын белгілеу
MyPaykz сервисінің мәзіріне бірінші рет кірген кезде абонентке мына шарттарды қанағаттандыратын қолжетімділік кодын белгілеу ұсынылады:
1) қолжетімділік кодының ұзындығы 4-8 цифр аралығында болуы тиіс,
2) цифрлар бірдей болмауы керек, мысалы 2222,
3) цифрлар тура немесе кері ретпен жазылмауы керек, мысалы 1234 немесе 9876 .
Қолжетімділік кодын міндетті түрде есіңізде сақтаңыз! Қатарынан үш рет дұрыс енгізбеген кезде MyPaykz сервисіне кіруге тосқауыл қойылады.

3.3 Ұмытылып қалған қолжетімділік кодын қалпына келтіру.
Сервисті одан әрі қарай пайдалану үшін, Күйіне келтіру—Қолжетімділік кодын ұмытып қалдыңыз ба? тармағын пайдалану қажет немесе +7 (727) 2440448 телефоны арқылы «Интервэйл Қазақстан» ЖШС қолдау көрсету қызметіне хабарласу қажет. Содан соң жаңа қолжетімділік кодын жасақтап, қолжетімділік кодын шығарып тастағанда қауіпсіздік мақсатында жойылатын өз банк карталарыңызды MyPaykz сервисіне тіркеуіңіз қажет.

3.4. Мәзірді жаңарту.
Ол үшін MyPaykz қосымшасының мәзірінде Күйіне келтіруді таңдап, содан кейін Мәзірді жаңарту тармағын таңдау қажет. Телефонның экранына «Сұрату жіберілді» денен хабар шығады. Бірер (желіде деректердің берілу жылдамдығына қарай) минуттан соң мәзір жаңартылғаннан кейін, абонентке «Мәзір жаңартылды» деген SMS-хабарлама келеді. Хабарламаны оқу үшін, мәзірден шығу қажет.

Банк картасын MyPaykz төлем қосымшасында тіркеу.
Ол үшін банк картасы бойынша резервте сақтаудың бүкіл әлемде қабылданған рәсімі қолданылады. Тіркелу уақытында банк картасында 00,01 теңгеден бастап 99,99 теңгеге дейінгі бақылау сомасы резервте сақталады.
Содан кейін клиент резервке салынған нақты сома туралы мәліметті алу үшін (банктің Call–орталығына қоңырау шалу арқылы), Сіз өз банкіңіздің мобильдік банкингі клиенті болып табылған жағдайда, интернет-банкинг арқылы, Сіздің телефоныңызға жіберілген смс-хабарлама арқылы өз банкіне хабарласуы тиіс (ҚР банктерінің барлық Call-орталықтарының тізімі мен телефондары) немесе өз банкіңіздің бөлімшесіне барып біле аласыз. Егер сіз тізімнен өз банкіңізді таба алмасаңыз, картаның екінші бетін қараңыз, картаның екінші бетінен банкіңіздің Call-орталығының телефон нөмірін көресіз.
Соны теріп, өз банкіңізден оқшауландырылған соманы анықтаңыз. Соманы анықтағаннан кейін, оны Мидлетке енгізу қажет. Сома сәйкес келген жағдайда, Сіздің картаңыз Мидлетке қосылады да, Сіз одан төлем жүргізе аласыз. Тіркелгеннен кейін немесе, тіркеу нәтижесіне қарамастан, 14 күн өткеннен кейін резервте сақтаудан бас тартылады.

3.6 Банк картасын жою.
Банк картасын жою үшін мәзірден Менің карталарым тармағын, содан соң Жою тармағын таңдау қажет. Қосымша қолжетімділік кодын енгізуіңізді және картаны сервистен жою үшін оны таңдауыңызды сұрайды, мысалы «жұмыс». Расталған жағдайда: «Картаны жою керек пе: жұмыс?» ОК бастырмасын басыңыз. Содан кейін сервис банк картасын MyPaykz сервисінен жоюға сұраныс жіберіп, экранда мәзірдің негізгі тізімі қайта шығады.
Менің карталарым—Тізім мәзірінде картаның болмауы банк картасынң табысты түрде жойылуының нәтижесі болып табылады.

4. Банк карталарын тіркеу рәсімі.

1-қадам. Банк картасының деректерін енгізу:
MyPaykz сервисінің мәзірінен Менің карталарым тармағын, одан кейін Қосу тармағын таңдаңыз, содан соң: 1-қадам: Карта деректерін енгізу.
Тармақты таңдаған кезде: «Сіздің банк шотыңызда 100 теңгеге дейінгі сома резервте сақталатын болады. Жалғастыру керек пе?» деген хабар шығады, жалғастыру үшін, ОК бастырмасын басасыз.
Одан әрі қарай әдетте 16 саннан тұратын банк картасының нөмірін енгізесіз. Мысалы, картаның нөмірі 1234567890123456.
Картаның нөмірін енгізгеннен кейін MyPaykz сервисінің мәзірінде көрінуі үшін картаға атау беру қажет, атау форматы еркін түрде алынады, мысалы «жұмыс» немесе «3456». Бұл операция кейбір нұсқаларда жоқ (бұл жағдайда картаның атауы автоматты түрде беріледі және банк картасы нөмірінің соңғы 4 цифрынан тұрады, қажет болған жағдайда сіз Менің карталарым—Атауын ауыстыру тармағына кіріп, картаңыздың атауын ауыстыра аласыз).
Атауын енгізгеннен кейін, картаның әрекет мерзімін (мысалы, 1212) және CVV2 кодын (мысалы, 123) енгізу қажет. СVV2 (CVC2) коды – картаның екінші бетіндегі иеленушінің қолы тұрған жолдағы үш цифрдан тұратын топ, сондай-ақ оның жанында картаның толық нөмірі немесе карта нөмірінің соңғы 4 цифры болуы мүмкін.
Телефонның экранына қолжетімділік кодын енгізу қажеттілігі туралы ойға салу шығады. Оны енгізіп, ОК пернесін басыңыз.
— Банк картасының деректері дұрыс көрсетілген жағдайда, абонентке одан арғы әрекеттер реті көрсетілген SMS-хабар түседі.
— Банк картасынң деректері дұрыс көрсетілмеген жағдайда, жауап ретінде енгізілген өлшемдерді тексеру қажеттілігі туралы SMS-хабар түседі.

Бақылау сомасын алу:

Абоненттің банк-эмитенттегі карта шотына операциялар туралы SMS-ақпарат беру қызметі қосылған жағдайда, абонентке бақылау сомасы көрсетілген SMS-хабар түседі. Мысалы: «Банк: 3456 картасында 27.80 KZT резервте сақтаулы, 18/01/2010 19:37» (3456 — картаның нөмірі). Көрсетілген соманы Менің карталарым—Қосу мәзіріне енгізіңіз 2-қадам: Растау. Хабарламаны оқу үшін, мәзірден шығу қажет.
Егер банк-эмитенттегі операциялар туралы SMS-ақпарат беру қызметі қосылмаса, онда банк картасын ұстаушы абонент өз банкіне қоңырау шалу арқылы (код сөзін көрсетіп, әдетте анасының некеге тұруға дейінгі тегін), банктің бөлімшесіне тікелей барып немесе интернет-банк арқылы бақылау сомасын өздігімен біледі. Банктің телефоны банк картасының екінші бетінде көрсетілген.
Банк операциялары тұрғысынан бақылау сомасы 100 теңге шегіндегі төлем ретінде көрсетіледі. Банкке қоңырау шалғанда/барғанда, соңғы төлемдерді анықтап алыңыз. 100 теңгеден кем төлем – банк картасын іске қосуға арналған бақылау (резервте сақталған) сомасы болады.
Картаны MyPaykz сервисінде іске қосу рәсімі аяқталғаннан кейін, бұл төлем шотыңызға қайтып оралады.

2-қадам. Растау.

Сервис мәзірінен Менің карталарым тармағын, содан кейін Қосу және 2-қадам: Растауды таңдаңыз. Тармақты таңдаған кезде «Банктің резервте сақтаған сомасын анықтаңыз (біліңіз)» деген ойға салу шығады. Жалғастыру үшін ОК бастырмасын басу қажет. Соманы енгізгеннен кейін қолжетімділік кодын енгізу қажет.
— Сома дұрыс енгізілген жағдайда, абонентке: «Сіздің банк картаңыз MyPaykz қосымшасында іске қосылды», — деген хабарлама келіп түседі.
— Сома дұрыс енгізілмеген жағдайда, жауап ретінде «Сома дұрыс енгізілмеді» деген SMS-хабарлама келеді. Назар аударыңыз! Егер сома 3 рет дұрыс енгізілмесе, бұл телефоннан сервисті пайдалануға тосқауыл қойылады.
Менің карталарым—Тізім мәзірінде, өзіңіз тіркелген кезде берген аттың (мысалы «жұмыс») астында банк картасынң немесе банктік карта нөмірінің соңғы 4 цифрының «3456» көрінуі табысты тіркелімнің нәтижесі болып табылады.

5. MyPay сервисі көмегімен ақы төлеудің мысалы

Ақы төлеу үшін банк-эквайерге Төлем қосымшасы арқылы команда жасақтау қажет: Төленсін мәзірінде төлем категориясын таңдаңыз, мысалы Коммуналдық қызметтер, одан әрі қарай қаланы, әрі қарай алушыны таңдаңыз, мысалы ТаразЭнергоЦентр.

Ақы төлеу үшін банк картасын таңдап алғаннан кейін, осы банк картасынң CVV2 (CVC2) кодын (3 цифрдан тұратын код картаның екінші бетінде қол қоюға арналған жолда орналасқан) енгізу қажет, ОК басып растаңыз.
Одан әрі ТаразЭнергоОрталықтың дербес шот нөмірін енгізу форматы туралы ойға салу шығады: «Шоттың нөмірі (10 цифр)». Дербес шоттың нөмірін енгізіңіз, мысалы: 9161234567.
Содан кейін енгізілетін соманың форматы туралы ойға салу шығады: «Сома теңгемен енгізіледі». Ақы төлеу үшін қажетті соманы енгізіңіз, мысалы 100 теңге.
Соманы енгізгеннен кейін: «Өлшемдері төмендегідей сұраныстың жіберілгенін растау керек пе: 9161234567; 100?» – деп, ақы төлеуге берілген команданың жіберілгенін растау қажет. Жалғастыру үшін ОК басыңыз.

Телефон экранында қолжетімділік кодын енгізу қажеттігі туралы ойға салу шығады. Оны енгізіп, «ОК» пернесімен растаңыз.
Қолжетімділік коды ойдағыдай расталғаннан кейін, ақы төлеуге арналған SMS-хабарлама жасақталып, жіберіледі, телефон экранына «Сұраныс жіберілді», содан соң «Жауабын күтіңіз» деген хабарламалар шығады.
Банк-эквайер банк картасынан ақы төлеуді ойдағыдай жүргізген жағдайда, абонентке, мысалы: «04.09.2010 14:20:21 ТаразЭнергоОрталыққа 100,00 KZT (04507) ақы төленді», — деген хабарлама келеді (04507 — транзакция нөмірі).

Банк-эквайер банк картасынан ақы төлемеген жағдайда, абонентке мынадай хабар келеді, мысалы: «04.09.2010 14:20:21 ТаразЭнергоОрталыққа 100,00 KZT (04507) ақы төленбеді» (04507 — транзакция нөмірі).
Қаражат банк шотынан есептен шығарылғаннан кейін MyPaykz сервисінің мәзірі арқылы жүргізілген төлемнің нәтижесі қамтылған хабар келеді. Бұл хабар телефон экранында мәзірдің барлық тармақтарының үстінде бірнеше секунд көрінеді де, автоматты түрде телефонның жадына сақталады.
Бұл хабарламаны Төлемдер тарихы бөлімінен көруге болады. Егер абонент төлем қосымшасынан ақы төлеудің нәтижесі бар хабарламаны күтпей шығып кетсе, онда бұл хабарламаны MyPaykz сервисі мәзіріне келесі кірген кезде көре алады.

6. MyPay сервисін тарифтеу

6.1 Ақы төлеуге арналған SMS-хабарламаның құны — ҚҚС есепке алғанда 40 теңге. Мәзірді жаңарту құны — ҚҚС есепке алғанда 10 теңге.
Java-қосымшасы үшін — 1603 (төлемдік) немесе 1604 (сервистік — мәзірді жаңарту) нөміріне шыққан SMS-хабарлама тарифтеледі. iPhone-дағы қосымша үшін — 1604 нөмірінен кірген SMS-хабарламалар тарифтеледі.

6.2 Бір банк картасының сервисте тіркелу құны — ҚҚС есепке алғанда 10 теңге.
Java-қосымшасы үшін — 1604 нөміріне шыққан SMS-хабарлама тарифтеледі. iPhone-дағы қосымша үшін — 1604 нөмірінен кірген SMS-хабарлама тарифтеледі.

6.3 Сервистік сұраныстар құны:
Java-қосымшасы және iPhone үшін:
Қосымшаны енгізу және іске қосу, мәзірді жаңарту, карта тізімінің атауын өзгерту құны — абоненттің SMS-хабарламаны жолдауға арналған тарифтік жоспары бойынша.

6.4 ІPhone телефоны үшін MyPaykz қосымшасы абоненттің SMS-хабарламаны жолдауға арналған тарифтік жоспары бойынша тарифтелетін http арнасы арқылы төлем және сервистік сұраныстарды береді.

6.5 Барлық сұраныстар (төлем және сервистік) кейінгі нәтижесіне қарамастан тарифтеледі. Төлемнен бас тартудың себептерін анықтау үшін, клиенттің банк-эмитентіне хабарласу қажет.

6.6 Төлем сомасынан қосымша комиссия алынбайды.

7. Шектеулер

7.1. MyPaykz сервисі арқылы қызметті төлеуде МО/ТО-транзакциясының ең төменгі сомасы 100 (Жүз) теңгені, ең жоғарғы сомасы 15 000 (Он бес мың) теңгені құрайды.

7.2. Бір банк картасынан жасалатын төлем операцияларының ең жоғарғы саны — тәулігіне 7 операция.

7.3. Сервиске American Express, VISA Business, Mastercard Business карталарын ұстаушылар, сондай-ақ өндірістік шығыстарға арналған корпоративтік карталарды ұстаушылар кіре алмайды.

7.4. Сервиске CVV2 (Visa карталары үшін) немесе СVС2 (MasterCard карталары үшін) коды — картаның екінші бетінде иеленушінің қолтаңбасына арналған жолдағы үш саннан тұратын топ көрсетілмеген банк карталарын ұстаушылар кіре алмайды.

7.5. Банк карталарына қызмет көрсеткен кезде МО/ТО-транзакцияларын пайдалануда шектеулердің болуын өзіңіздің банк-эмитентіңізден білуіңіз қажет (әсіресе, Visa Electron және Cirrus/Maestro пластик карталары үшін маңызды). Банктердің тізімі.

7.6. Мәлімет үшін — төлемдер «Кар-ТеЛ ЖШС (Beeline сауда маркасы), GSM Қазақстан/Kcell, «АЛТЕЛ» АҚ (Dalacom сауда маркасы), «Мобайл Телеком-Сервис» (neо сауда маркасы), «Қазақтелеком» АҚ, «АЛМА-ТВ» АҚ, «АЛСЕКО» АҚ үшін күнбе-күн есептеледі. Онлайн жүйелері жоқ барлық басқа жеткізушілерге арналған төлемдер 3 күн ішінде жасалады.

7.7. Банк картасын сәйкестендіру өлшемдерінің бірі өзгергеннен кейін (мысалы, әрекет мерзімін ұзарту) сервис өз әрекетін тоқтатады, банк картасының деректерін Менің карталарым мәзірінен жойып, оны тіркеу рәсімін қайта орындау қажет.

7.8. Абонент телефонының нөмірі өзгергеннен кейін, сервисті пайдалану мүмкін емес, қолжетімділік кодын жойып (Мидлет үшін), банк карталарын тіркеу рәсімін қайта орындау қажет.

7.9. Мидлетті енгізу үшін ұялы телефон аппаратында мына аталғандардың болуы шарт:
— Қарапайым ұялы телефондар үшін: 700Кб дейін бос жады; MIDP 2.0 стандартын қолдау және JSR 120 модулі. 2005 жылдан бастап шығарылған барлық аппараттар. Қолдау көрсетілетін үлгілердің толық тізімінен өз өндірушіңізді табыңыз.
— OS Simbian S60, S80 смартфондары үшін: 700 Кб дейін бос жады; MIDP 2.0 стандартын қолдау және JSR 120 модулі.
— OS Windows Mobile смартфондар үшін: операциялық жүйе 5.0 және одан жоғары; 5 Мб ПЗУ және 7 Мб ОЗУ бос жады
— Apple iPhone 2G, 3G, 3GS телефондары үшін: операциялық жүйе 2.1 және одан жоғары; 2 Мб бос жады болуы тиіс.

8. Өзге шарттар

8.1 ССК қызметтері үшін банк картасы арқылы салынған ақша қаражаты абонент тиісті өтінішпен төлем адресаттарына хабарласқан кезде қайтарылады (байланыс деректері бар ССП тізімі), оған төлем жасалғанын растайтын құжат тіркелуі қажет. «Интервэйл Қазақстан» ЖШС және банк-эквайер абонеттің үшінші тұлғаларға берген төлемін қайтаруға арналған арызын қарау нәтижесіне жауап бермейді. Ақша қаражатын қайтару шарттарын ССК-дағы жеке шоттарды түзету шарттары туралы пайдасына қате төлем жасалған төлем адресаттарынан тікелей анықтау қажет.
MyPaykz сервисі арқылы төлем жасалғанын растайтын құжатты (үзінді көшірмелерді) алу үшін, банк картасын иеленуші өзінің банк-эмитентіне хабарласуы қажет (тек қазақстандық банк-эмитенттердің тізімі). Егер Сіз тізімнен өз банкіңізді таба алмасаңыз, банк картаңыздың екінші бетін қарасаңыз, екінші бетінде өз банкіңіздің Call-орталығының телефон нөмірін табасыз. Өз банкіңіздің Call –орталығының телефон нөмірін теріп, банкіңізден өз оқшауландырған сомаңызды анықтаңыз.

8.2 Банк картасы арқылы ССК жеке шотына салынған ақша қаражаты абоненттің банк картасына аудару жолымен қайтарылады.

8.3 Абонет өзінің төлеміне атау беру әрекетін жасағандығы жөнінде дауласқан жағдайда, соңғысы дауды шешу мақсатында алдын ала банк-эмитентке хабарласуға міндеттенеді. (http://www.mypay.kz/kz/download/offer).

8.4 «Интервэйл Қазақстан» ЖШС MyPaykz сервисін көрсету аясына кіретін тегін SMS-хабарламалар арқылы пайдаланушы мәзірін технологиялық жаңартудың қажет екені туралы хабарландырады.

8.5 Абоненттер MyPaykz Интернет-сайты арқылы осы шарттардың әрекетінің тоқтатылатыны туралы хабарландырылады. Шарттар хабарламада көрсетілген сәттен бастап тоқтатылған болып саналады.

Мидлетті қолдамайтын телефон моделдерінің тізімі


Motorola L7
Motorola L9
Motorola MOTOKRZR K3
Philips Xenium 9@9u
Samsung x120
Samsung x820 Ultra edition
Siemens ME45
Sony Ericcson W250